http://www.azattyqqaoc2456fyhuro4umlv7rjboyqtfw4p5uvht26xqpm3xjppyd.onion/a/32209477.html
Бұған қоса, азаптаудан көз жұмған Талдықорғанда – Мұқашев, Алматыда – Өтепбаев және Семейде Жотабаевтың азапталуына қатысты істер бойынша тергеу аяқталған. Бас прокуратура мәліметінше, азаптау туралы 329 істің 34-ін арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр. Ол істер бойынша полиция және ҰҚК қызметкерлері күдікке ілінген. "Өкінішке қарай, хаос жағдайында күштік құрылымның жекелеген қызметкерлері ұсталғандарға қатігездік көрсеткен.