http://www.azattyqqaoc2456fyhuro4umlv7rjboyqtfw4p5uvht26xqpm3xjppyd.onion/a/31835146.html
Журналистер әуе соққысынан аман қалған 23 адаммен, құтқарушылармен, театр ғимаратын жақсы білетіндермен сөйлесіп, соққыға дейін және кейін түсірілген суреттер мен видеоларды сараптады. Бұл ақпарат театрдың 3D-нұсқасын жасауға қажет болды. Куәгерлер соның көмегімен адамдар театрдың қай жерлерін паналағанын журналистерге көрсетті. 16 куәгер ғимаратта адам көп болғаны сонша, әрбір үш шаршы метрге бір адамнан келетінін орналасқанын айтты.